Үкімет отырысы барысында премьер-министр пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару жөніндегі жұмыстарға тоқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай шешімдер жем-шөп базасын қалыптастыруға да бағытталып отыр.

"Тұрақты мал азығы қорын қалыптастыру мақсатында биыл жем-шөп дақылдарының егіс алқабы 3,3 миллион гектарға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтарудың арқасында 2022 жылдан бастап 11 миллион гектар алқап кері қайтарылды. Оның көп бөлігі халыққа қайта бөліп берілді", - деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, премьер-министр еліміздің мал шаруашылығы саласының ішкі әлеуеті зор екенін айтты.

Олжас Бектенов мал басын көбейту жұмыстарын жалғастыра беру қажет екеніне назар аударды.

"Оларды заңсыз әкетуге жол бермеу және аналық малды субсидиялауды қолдау маңызды екенін айтты, бұл өз кезегінде өнімнің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік бермек", — деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget