Алматыда бесінші күн қатарынан құтқарушылар 18 жастағы студентті іздеп жатыр. Ол Үлкен Алматы сайы маңында жоғалып кеткен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іздеуге 40-тан аса адам тартылған: Алматы қаласының құтқару қызметі (109), республикалық жедел құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция және еріктілер. Авиация, 8 техника, 4 кинологиялық есеп және 3 дрон жұмылдырылған.

Алматы қалалық құтқару қызметінің (109) баспасөз қызметі мәліметінше, іздеу топтары үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр:

  • Космостанциядан Үлкен Алматы шыңына дейін, екі жақ беткейдегі қырларды қоса қарап шығу;
  • Алма-Арасан және Аюсай сайы бағытына қарай беткейлер;
  • Космостанциядан шекара бекетіне дейін түсетін бағыт.

ТЖД жедел штабы "Аюсай" визит орталығы аумағында орналасқан.

Жедел штабта жоғалған жасөспірімнің 10 туысы бар. Бүгін құтқарушылар іздеуді жаңа бағыттарда жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, студент 2 шілдеде тауға кеткен, содан бері із-түзсіз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget