Әлемдік мегажұлдыздар – Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys-тың алдағы уақытта Қазақстанда өтетін концерттері ел экономикасына айтарлықтай оң өзгеріс әкеледі. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының директоры Мәлік Хасенов айтты. Оның айтуынша, мұндай ауқымды мәдени іс-шаралардан түскен табыстың бір бөлігі ел бюджетіне салық ретінде қайтарылады. Алдын ала есепке сәйкес, тек осы 2 концертті ұйымдастырушылар 1 миллиард теңгеден астам салық төлеуі мүмкін. Сондай-ақ, тамызда өтетін концерттерге 18 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр.

Мәлік Хасенов, «Астана концерт» компаниясының продюсері:

Джей Лоның Астана мен Алматыдағы концертіне келетін туристер саны 18 мың адамға жуықтайды деп күтілуде. Алдағы 3 жылда 10-нан астам концерт өткіземіз. Бұл үдеріс қазірдің өзінде басталып кетті. Бұл ел туризмін ілгерілетіп қана қоймай, экономикалық тиімділікке де ықпал етеді.

Динара Жарқынбек