Бай-бағландардан тәркіленген гаухартасты сақиналар , алқа, білезіктер мен коллекциялық монеталар аукционға қайта шығарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қымбат әшекей бұйымдар өтпей жатқан соң, тіпті бағасын да арзандатуға тура келген.
Аукцион "Е-Қазына" платформасында өтеді. Саудаға қойылған ең қымбат бұйым — сырға, сақина және алқадан тұратын жиынтық. 123 гаухар таспен көмкерілген бұл әшекейлердің бағасы 60 миллионға жуықтайды. Сонымен қатар6 сирек кездесетін монеталар да сауда сөресіне қойылған, бағасы 106 мың теңгеден басталады.
Айта кетейік, бұған дейін "Қайтарылған активті басқару компаниясы" ақпанда саудаға осындай 63 лот шығарса, қазір соның 56-сы сатылымға қайта қойылған.
Караты үлкен, бренд бұйым болса да, жұрт осы зергерлер бұйымдарының қазір істі боп жатқан бай-бағландардың таққанын біліп тартынатын сияқты. Ал тарихи құнды заттар мұражайға тапсырылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!