Қазақстандық тревел-блогер Талғат Бекмағамбетов әлеуметтік желіде " тирамису тауы" аталып кеткен Қызылқұп өңірінің ғажайып көріністерін бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан Маңғыстау облысында орналасқан Қызылқұп жазығының ерекше табиғаты көрінеді.
Желі қолданушылары Маңғыстау табиғатына тәнті болған.
"Бұл жер туралы фильм түсіруге болады", "Керемет", "Әсерлі видео", "Марс деп қалдым", – деп жазды олар пікірлерінде.
Анықтама үшін: Қызылқұп – ежелгі бор дәуірінен қалған қызыл және ақ түсті қабаттардан құралған төбелі жоталар шоғыры. Бұл геологиялық түзілістер қазақ даласында бірнеше шақырымға созылып жатыр және өзінің ерекше түсімен көз тартады.
"Тирамису" деген бейресми атауды жергілікті гидтер жарнамалық мақсатта қолдана бастаған. Олар жоталардың жолақты беткейлерін атақты италиялық десертке теңеген.
Ал ресми Қызылқұп атауы кезінде бұл жерде болған, қазір кеуіп кеткен су қоймасымен байланысты. Өңірдің ерекше ландшафты ежелгі Тетис мұхитымен байланысты. Бірақ Қызылқұптың ерекшелігі – шөгінді жыныстардың құрамында темірдің болуы, бұл оған қызыл реңк берген. Сондай-ақ, тау жыныстарында түрлі минералдар әсерінен сары және қоңыр дақтар да кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!