Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Әсем Нүсіпова 7 тамызда өз еркімен қызметінен кеткен.
Айта кетейік, Әсем Нүсіпова 2022 жылғы ақпаннан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ол білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларына жетекшілік етті.
Еске салайық, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін қала әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Кейінгі кезде ведомствода жеті шенеунік өзгерген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!