Елімізде 4 700 балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшті. Демек, енді осынша мектепке дейінгі ұйымда балаларды тіркеу онлайн өтеді. Ата-ана Indigo ақпараттық жүйесі арқылы өзіне ұнаған бөбекжайды таңдай алады. Онда мемлекеттен әр балаға ай сайын бөлінетін 58 мың теңгенің қайда жұмсалатыны да көрсетіледі. Бұл балабақшалар арасындағы бәселестікті арттырып, тек үздіктерін іріктеуге көмек береді. Айта кетсек, жыл соңына дейін еліміздегі мектепке дейінгі ұйымның бәрі осы жүйеге өтпек.

Жанел Өтеулі