Қызылсай-Шымкент өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысты. Жол апаты пойыздардың жүру кестесіне әсер етті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 8 тамызда сағат 04:30-да болған. HOWO көлігі тепловозбен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдында өткелге шығып, жол ережесін бұзған.
"Қаза тапқандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Жол апаты қозғалыс кестесіне әсер етті, үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. 07:18-де учаскедегі қозғалыс толықтай қалпына келтірілді", — деп жазылған хабарламада.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!