Енді Қазақстанда Starlink интернетін пайдалануға болады. Мұндай қызмет бүгін іске қосылды. Цифрлық даму министрлігі ақпаратына сәйкес, Starlink технологиясы шалғай аймақтардарды да тұрақты түрде интернетпен қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған дейін маусым айында сала министрлігі мен Starlink компаниясы Қазақстан заңнамаларын толық сақтау жөнінде өзара келісімге қол қойған еді. Бұл технология шамамен 550 шақырым биіктікте айналатын төмен орбиталы спутниктер арқылы деректер жеткізеді. Мұндай жүйе дәстүрлі геостационарлық спутниктерге қарағанда сигналдың кешігуін азайтады. Ал әлемнің түрлі елдерінде жүргізілген сынақтарда жылдамдық секундына 50-250 мегабит аралығында болған.
Темірлан Нұржанұлы