Абай облысы Бестерек ауылында көлік қағып кеткен екі жасар баланы бүгін жақындары жер қойнауына тапсырды, деп хабарлайды 24kz.
Ал Үржар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан 9 жастағы қыздың жағдайында еш өзгеріс жоқ. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Астаналық дәрігерлер оның ішкі ағзасына, миына бірнеше операция жасаған.
Еске сала кетсек, 19 тамызда Бестерек ауылында көлік жоғары жылдамдықпен жеке үйдің ауласына соғылып, алты баланы жаншып өтті. Жол апаты салдарынан кәмелет жасқа толмаған үш бала көз жұмса, қалғаны ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Мәдина Ноғайбаева, Үржар аудандық ауруханасы басшысының орынбасары:
- Бас миына трепанация отасы жасалды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Бірқалыпты. Жасанды тыныс алу аппаратында. Қазіргі кезде күтуден басқа амал жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз.