«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Селтикке» қарсы қарымта матчқа қатыспайды. Ол үш кездесу қатарынан ескерту алды. Яғни, сары қағаздың жалпы саны Сәтбаевтың келесі ойынға қатысу құқығынан айырды. Маңызды кездесуден қақпашы Александр Заруцкий де тыс қалуы ықтимал. Өйткені, ойын барысында алған жарақаты ауыр деген мәлімет бар. Естеріңізге сала кетейік, командалар 26 тамызда Алматының Орталық стадионында кездеседі. Бұл матчқа билет алдын ала сатылып кеткен. Стадион лық толы болмақ. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнаса, жеңілген Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Асылбек Данияр