Суданда денге безгегі өршіп тұр. Бір аптада кеселді 700-ден аса адам жұқтырған.
Оның екеуі ауруханада көз жұмды. Ал жыл басынан ауруға шалдыққандар саны 6 мыңнан асты. Денге безгегі — маса арқылы таралатын вирустық инфекция. Қазір елде жауын-шашын маусымы болғандықтан маса көбейіп, ауру тез тарап жатыр. Оның үстіне 2023 жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс ахуалды одан бетер ушықтырып тұр. Себебі сумен жабдықтау жүйелері бұзылған.
Ясир Әл-Джилани, Бахри қаласының тұрғыны:
- Қоқыстың астында қалдық. Мына тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктің толғанына біраз уақыт болып ақлды. Бір айда 1-2 рет тазаланса, қуанамыз. Кәріз құбырларының айналасында қоқыс үйіліп тұр. Індет тарамағанда қайтеді? Өйткені сол құбырлардың жанындағы қаптаған арамшөпте масалар тез көбейеді. Соны улап-өлтіру керек. Бірақ бұған басын қатырып жатқан билік жоқ.