Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
Салтанатты шараны Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ұйымдастырған. Сахнада ән мен күйден бөлек ел бірлігі, салт-дәстүрге құрмет сынды құндылықтар көрініс тапқан сахналық қойылымдар қойылды. Концертте театрдың белді артистерімен қатар жас орындаушылар да өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар конституция тәуелсіздігіміздің берік тұғырына айналғанын, ал осындай мәдени шаралар халқымыдың патриоттық сезімдерін нығайтып, бірлігін күшейтеді деген пікірде.