Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады.

Мемлекет басшысы бас директорды Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтап, мерейлі меже бұл саладағы диалогты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында атом индустриясындағы ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, маңызды келісімдерге жол ашылғанын жеткізді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы тәжірибесі мол әрі технологиясы озық Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясымен бірлескен жобалардың, оның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасы құрылысының табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.