Биыл Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының құрылғанына — 55 жыл.
Осы жарты ғасырдан астам уақыт ішінде оқу орнын 20 мыңға тарта офицер бітіріп шықты. Еліміздің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып келе жатқан институт мерейтойын салтанатты жағдайда атап өтті.
Құрлық әскерлерінің әскери институты 1970 жылы ашылды. Білім ордасы бүгінде заманауи әскери жоғары оқу орны ретінде танымал. Мұнда жаңа буын офицерлерін дайындайды. Қазір 1000-ға тарта курсант 6 мамандық 16 квалификация бойынша оқып жатыр. Олардың қатарында Тәжікстан мен Қырғызстаннан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бағдарламасы бойынша 50-ден аса жас дәріс алады.
Жәнібек Сарғазин, С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты бастығының бірінші орынбасары:
- Офицердерді дайындау бүкіл мемлекеттегі силовой блокқа даярлаймыз. Бүгін шақырылған қонақтарға институмыздың стадионында оқу барысында қандай тактика қолданамыз. Қандай білім береміз? Қандай страгияларды қолданатымызды келген қонақтарға көрсеттік.
Жауынгерлік даярлық, әскери техника мен қару-жарақтың мүмкіндігі, қоян-қолтық ұрыстағы іс-әрекет. Әскерилер жиналғандарға өздерінің әзірлігін, жауынгерлік дағдысын осылай паш етті. Оқытушылардың айтуынша, қазір бұған қоса ұшқышсыз ұшу аппараттарына да баса мән берілген.
Жәнібек Сарғазин, С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты бастығының бірінші орынбасары:
- Сол бағыт бойынша бір кредит сағат бөлінді. 16 мамандық сол сабақты оқиды. Сол сабақ барысында беспилотный аппараттың құрылысы жинау, пайдалану білімдерін береміз.
55 жыл ішінде Құрлық әскерлерінің әскери институты 20 мыңға жуық офицерді дайындап шығарды. Олардың 90-ға жуығы генерал шенін алған. Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі болғандар да бар. Генарал-лейтенант Абай Тасболатов осы оқу орнының алғашқы түлектерінің бірі. Ардагердің айтуынша мұнда сапалы білім береді. Сондықтан кадрға сұраныс қашан да жоғары.
Абай Тасболатов, қорғаныс саласының ардагері:
- 92 жылы 12 мартта мені 40 жасымда училище бастығы етіп қойды. Ол кездерде оңай уақыт емес. Бәріңіз білесіздер бастан өтті ғой. Мен қуанамын менің тағдырым, менің өмірім осы жерде болғанына. Ең басты мәселе патриоттық сезім, біріншіден, батылдық, екіншіден содан кейін Отанға берілу осы жерде үйретеді оған қуанамыз.
Еліміздің жетекші әскери институтында оқимын деушілердің қарасы қалың. Басты талап денсаулықта кінәрат болмауы керек. Биыл оқуға түсу үшін 830 талапкер құжат тапсырған. Соның 360-ы курсант атанды.
Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов