Ақтөбе облысында жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Хромтау, Алға, Қобда ауданында қазірге дейін егіннің 70 пайызы жиналған. Биыл өңірде 426 000 гектар алқапқа дәнді дақыл егілді. Сала мамандарының айтуынша, техника жеткілікті. 1 500 трактор мен 600-ге жуық комбайн жұмылдырылған. Шаруаларға жеңілдетілген бағамен 7 200 тонна дизель отыны бөлінді. Қоймалар да сақадай сай. Қазір элаваторларда 64 мың тонна астық бар. Жиналған дақылдың көбі Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстанға экспортталады. Ауа райы қолайлы болса, жиын-терім жұмыстары айдың 20-сына дейін аяқталуы керек.

Нұрбек Райымбаев, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Былтыр дәнді-дақылдардан 515 000 тонна астық алдық. Биыл да сол көлемде, 520-530 мың тонна астық аламыз деп жоспарлап отырмыз. 50 мың тонна тұқым себілді. Бұл майлы дақыл, дәнді дақыл, жалпы егістікке жұмсалған тұқым көлемі.

Жақсыбек Кемал