Былтыр 40 мыңнан аса қазақстандыққа «қатерлі ісік» диагнозы қойылған.

Онкологиялық аурулар елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұр. Бұл дерек бүгін Алматыда басталған «Best of ASCO Kazakhstan–2025» халықаралық онкологтар конференциясында айтылды. Іс-шараға алыс-жақын шетелдерден келген 500-ге жуық маман қатысуда. Конференция барысында онкологиядағы қазіргі негізгі бағыттар, инновациялық емдеу әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер мен құралдарды қолдану мәселелері талқылануда. «Best of ASCO Kazakhstan–2025» елімізде үшінші рет өткізіліп отыр және онкология саласындағы озық тәжірибе алмасуға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды. «Бұл Қазақстандағы онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді» , — дейді мамандар.

Кәрібай Төлеутайұлы, С. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ профессоры:

- Өкпе қатерлі ісігі соңғы жылдары көбеюде. Алғашқы орынды қамтиды. Бірақ өкінішке қарай скриниг жұмыстары өкпе қатерлі ісігіне байланысты көтерілген болатын. Ол жүрмей жатыр. Сүт безі және жатыр мойны, сонымен қатар тік және тоқ ішек қатерлі ісіктеріне скрининг жүргізілу барысында олар жақсы ерте кезінде анықталуда. Ерте кезде анықталса, оның емінің нәтижесі де жақсы болады деп айтуға толық негіз бар.