Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.

Сенбілікке 40-тан астам адам атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Атаулы науқан жыл басынан бері 34 рет ұйымдастырылып, оған 2500-ден астам қала тұрғыны қатысқан. Нәтижесінде 29 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Сенбілік жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық акциясына үн қосу мақсатында өткізіліп отыр.

Ербол Байқонысов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

-Өздеріңізге белгілі былтыр сәуір айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. «AMANAT» партиясы сол акция аясында «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Бүгін «AMANAT» партиясы ШҚФ қарасты «Еңбекші» ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп жатыр. Бұл жерде партия белсенділері, партия филиалының қызметкерлері, қала белсенділері, Жастар рухы жастар қанаты, барлығы осы қаламыздың тазалығына атсалысып жатыр.