АҚШ Мемлекеттік департаменті иммиграциялық емес визаларға қатысты жаңа тәртіп енгізді. Енді оларға өтініш бергендер сұхбатқа өз еліндегі немесе тұрғылықты жеріндегі АҚШ елшілігіне не консулдығына ғана бара алады .
Бұған дейін өтініш кез келген елде қабылданатын. Бұл өзгеріс Ресей, Беларусь және Украина азаматтарына қиындық туғызып отыр. АҚШ бұл елдерде визалық қызмет көрсетпейді, сондықтан көрші мемлекеттердегі өкілдіктерге баруға мәжбүр. Ресей азаматтары енді құжатын тек Астанадағы немесе Варшавадағы елшіліктер арқылы ала алады.