Күздегі ең пайдалы өнім — қырыққабат. Ол С дәруменіне бай, ал оның шырыны қабынуға қарсы әсерге ие. Бұл туралы РИА Новости басылымына берген сұхбатында терапевт Анастасия Якимова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күздің басты өнімі — қырыққабат. Оның құрамында С дәрумені лимоннан да көп. 100 грамында тәулік нормасының 70 пайызына дейін бар", — деді дәрігер.

Оның айтуынша, қырыққабат шырыны бұрын жара жазуға және асқазан қабынуын емдеуге қолданылған.

"Қырыққабат жапырақтарында С, К дәрумендері, В тобының дәрумендері, органикалық қышқылдар, сондай-ақ, микробтарға қарсы әсер ететін фитонцидтер бар. Қырыққабат жапырағы ауырсынуды басып, ісікті қайтаруға қабілетті деп есептелген. Қазіргі зерттеулер де қырыққабат шырынының қабынуға қарсы әсерін растайды", — деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget