Мәжіліс депутаттары бүгін өткен отырыста «Құрылыс кодексі» жобасын және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жобаға сәйкес, құрылыс нысандарына берілетін ең төменгі кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылмақ.
Депутаттардың пікірінше, бұл шара қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын арттырып, жобалау мен орындаудағы жауапкершілікті күшейтеді, сондай-ақ салынған нысандардың пайдалану сапасын жақсартады.
Сонымен қатар, депутаттар ғимараттың қаңқасы, шатыры мен қасбеті үшін жеке 10 жылдық кепілдік мерзімін белгілеуді ұсынды. Бұл бастама екінші оқылымда қаралатын болады.