Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының "Болашақ" шахтасында төтенше жағдай болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания мәліметінше, 26 мамырда сағат 22:30 шамасында тау-кен қондырғыларының бірінде ауа қоспасы қысқа мерзім ішінде тұтанған. Салдарынан үш қызметкер зардап шеккен.
"Дөң комбинаты "Болашақ" шахтасының өндіру блогында ауа қоспасы қысқа мерзім ішінде тұтанды. Жабдықты монтаждап жатқан үш кезекші электр слесарі зардап шекті. Қызметкерлердің беті мен қолы күйіп қалды", — деді "Қазхром" ТҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілі.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер Хромтау орталық ауруханасына жедел жеткізілген, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Еске салайық, биыл ақпанда да Хромтаудағы шахтада төтенше жағдай болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!