Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысындағы жол апатын тергеу үшін арнайы топ жіберді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен жөнелтілген.

"Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі", — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Айта кетейік, 23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget