Биыл мұнай-газ химия саласындағы өндіріс көлемі 477 мың тоннадан асты.

Жыл соңына дейін 590 мың тонна өнім алу жоспарда бар. Метанол өндіретін зауыт салу жөніндегі алғашқы инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Қазір «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» жаңа заңның жобасы әзірленіп жатыр. Құжат келесі жылы күшіне енеді.