Қазақстанның MMA командасының мүшелері Амелина Бакиева мен Санжар Қартай Бахрейннің Манама қаласында өткен 2025 жылғы Азия жасөспірімдер ойындарында алтын медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап .

50 келіге дейінгі салмақтың финалында Амелина Бакиева Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты.

Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Қартай чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Сұлтанахмед Сұлтанахмедовты жеңді.

Қазақстан құрамасы Азия жасөспірімдер ойындарындағы төрт алтын медальға қол жеткізді. Бұған дейін велоспорт командасы мен таэквондошы Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget