Биыл елде 13 мың шақырымға жуық автожол жөнделіп жатыр .

Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарда бар. Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын жаңа 10 жол учаскесінде ақы енгізілді. Нәтижесінде, төлеп жүретін жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды.