Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыстар басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Абдулла Батырбек 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол тәжікстандық Абдурахмон Саидбековтен басым түсті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!