Франция парламентінің төменгі палатасы айықпас дерттен жаны әбден қиналған адамның өлуіне көмектесетін заң жобасына дауыс берді. Депутаттардың 305-і қолдап, 199-ы қарсылық білдірген. Құжат енді Сенаттың талқылауына жіберіледі . Болжамдарға қарағанда, бұл жобаның заңға айналатынына күмән шамалы. Себебі Францияда жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, ел тұрғындарының 90 пайыздан астамы физикалық және психологиялық азап шеккен үмітсіз науқастарға ажал дәрісін беруді қолдап отыр. Айта кетсек, кейінгі кездері мұндай заңдар бүкіл Еуропада қолдау тауып отыр. Қарашада өмірді тоқтатуға жәрдемдесу жайлы ереже Ұлыбританияда да мақұлданды. Оған дейін осындай құжатты Канада мен Австралия және АҚШ-тың кейбір штаттары да қабылдаған.

Арыстан Рысбек