Украина Ресеймен бейбіт келісімге келудің негізгі шарттарын тізіп , Вашингтонға жолдады. АҚШ Мәскеу тарапынан да осындай құжат күтіп отыр.
Мұны Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, қос тараптың құжаттары дайын болғаннан кейін кезекті келіссөз өтеді. Бұл жолы диалог Женевада жүргізілмек. Кит Келлог бұл кездесуге АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский қатысуы мүмкін екенін айтты.