Алматыда студенттер арасында жеңіл атлетикадан спартакиада өтіп жатыр. Қалалық спорт басқармасы өкілдерінің сөзінше, шара «Жұмысшы мамандықтар жылын» қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалауын көтерген сайыста мыңнан аса адам бағын сынауда. Бұл бастама тек спорттық бәсеке емес, жастардың ынтымағын, жігерін, мақсатқа деген ұмтылысын арттыру .
Жәмилә Танабаева, ұйымдастыру алқасының мүшесі:
Командалық рухты дамыту. Балалар тек қана өзінің жұмысшы маманының шебері емес, спорт жағынан да өзін көрсете білу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сол мақсатта осы жарысты біз спортқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырып жатырмыз.
Қуан Нұрақын