Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері бас қосты. Кездесуде ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдайды, өңір қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатер мен оның мүше елдерге әсерін талқылады. Сонымен қатар, алдағы 4 жылда әскери ынтымақты дамыту жөнінде жоспар бекітілді. Бұл құжат ұйымның әскери күш-құрылымдарын нығайтып, бірлескен оқу-жаттығулар мен практикалық шаралар өткізуді көздейді. Қорғаныс министрлері кеңесі 2026 жылы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен басқару органдарының бірлескен дайындық жоспарын да, қабылдады.
Асылбек Данияр