Археологиялық қазба кезінде ұрланып , «қара нарықта» сатылып кеткен тарихи-мәдени жәдігерлер мемлекеттік қорға қайтарылды. Олардың ішінде сақ дәуіріне тиесілі 10 әшекей-бұйым мен 15 көне тиын бар. Тарихшы ғалымдардың айтуынша, заңсыз қазылған бұл жәдігерлерді «қара археологтар» қалталы азаматтарға сатқан. Мұны Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті анықтап, барлығын Ұлттық музейге өткізді. Енді ғалымдар сол көне бұйымдардың бәріне зерттеу жүргізіп, олардың нақты қай кезеңде жасалғанын анықтайды. Қазір әшекейлердің арасындағы араб жазуы бар жүзік қазақ хандарының біріне тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музей директоры:

Бұл нағыз ұлттық мұраға жай қиянат жасау емес. Бұл ұрлық. Осындай көбейіп кетті. Солар міне, алады да сатады әр жерге. Ал ол тек қана заң жүзінде емес, бүкіл халық сол жерде тұрған тұрғын ауыл кішкентай балаға дейін заңсыз қазып жатқанын көріп жатса, полиция Департаменті соларды бақылауға алса деп айтып жатқанымыз ғой біздің шырылдайтынымыз.

Жанел Өтеулі