Тәулігіне бар болғаны бір ас қасық майонез жеуге болады. Бұл туралы биология ғылымдарының кандидаты Николай Хоменец мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, майонездің тәулік нормасы — 20–30 грамм. Хоменец майонезді шамадан көп жесе, бұл ағзаға аса зиян өнім деп атады.

"Өнімнің басты кемшілігі — калориясының көп болуы, сондай-ақ қандағы холестерин деңгейін арттыратын май қышқылының көптігі", — деп қосты Хоменец.

Бұдан бөлек, майонезде натрий көп, бұл гипертония қаупін арттырып, жүрекке қатысты мәселелердің туындауына ықпал етуі мүмкін.

Сондай-ақ, Хоменец майонез қосылған салаттың үстелде ұзақ тұрып қалмауы керегін еске салды: оның ішінде тағамдық инфекция тудыратын бактериялар көбейуі мүмкін. "

Егер майонез сұрланып кетсе, қабат-қабат болып ажыраса, иісі қышқыл не күйік (ашыған, татып кеткен) иіс шығара бастаса, ондай тағамды лақтыру керек", — деп ескертті ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget