Сапар барысында Сергей Лавров Президенттің қабылдауында болып, еліміздің Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізеді.
Кездесу барысында екіжақты стратегиялық әріптестікті және одақтастықты нығайту мәселелері қаралмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды талқылайды.
Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған.