Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Ақордаға келді . Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы қарсы алды.

Джорджа Мелони елімізге тұңғыш рет ресми сапармен келіп отыр. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев екеуі 2024 Римде және 2025 жылы Абу-Дабиде өткен «Тұрақты даму апталығы» саммитінде кездескен еді. Бүгінде екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Екеуара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Италиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция 7,3 миллиард долларға жетті. Сарапшылардың сөзінше, Италия Премьер-министрінің елімізге сапары арадағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтермек. Сауда-экономикалық және саяси байланыстардан бөлек қазір мәдениет және білім беру саласындағы әріптестік бекемдей түскен. Мәселен биыл Жетісу облысында италиялық жоғары оқу орнының филиалы ашылмақ.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Қазіргі таңда біздің жоғары оқу орындарымыз бен Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылды. Бірақ ең үлкен нәтиже бүгін жарияланатын Жетісу өңірлік мемлекеттік университетінің негізінде тұңғыш италияЛық ЖОО-ның филиалы ашылады биыл. Өте мықты агрономия, ауыл шаруашылығы саласындағы университет.

Нұрсұлтан Тілектес