Түркістанда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар қауіпсіздігі — басты назарда!» атты шара өтті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған жиынға балабақшалардан 200-ге жуық бүлдіршін қатысты. Оларға қауіпсіздік ережелері қызықты ойын форматында түсіндірілді. Оқыс жағдайлардың алдын алу, терезе жақтауына шықпау, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі көрсетілді. Сонымен қатар сәбилер үйретілген, із кесетін иісшіл иттердің жоғалған затты қалай табатынын тамашалады. Бұдан бөлек балалар арасында түрлі сайыстар мен шеберлік сабақтары өтті.
Жасұлан Айнабек, ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы:
- Сондай-ақ бүгінгі іс-шарада концерттік бағдарламалар, сайыстар, конкурстар арқылы және мынау өрт сөндіру техникасын, құтқару құралдарын көрсетумен жүргізілді. Балаларды қамқорлыққ алу, сүйіспеншілікке алу — біздің басты міндетіміз.