Бүгінде Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жаңа Халықтық Конституция қабылданды. Бұл — Жаңа адамдар әрбір кейс пен жобаларда көтеретін Әділетті Қазақстан құндылықтарын айқын көрсетеді. Осы құндылықтар бүгінде қоғамдық күн тәртібінің және елдегі басты өзгерістердің ажырамас бөлігіне айналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осы өзгерістердің жарқын көрінісі — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған Астанадағы LRT іске қосылуы. Бұл оқиға Қазақстан өміріне жаңа ритм беріп, елдің ортақ қозғалысының символына айналды.

LRT іске қосылуына орай Жаңа адамдар ролик, скейтборд, самокат және велосипед мініп, біртұтас көше қозғалысын ұйымдастырды. Бұл — елдің дамуы әр адамның ішкі қозғалысынан басталатынын көрсетті.

Жауапкершілік, еңбекқорлық, жасампаздық, патриотизм, Заң мен Тәртіп құндылықтары бүгінде әрбір қазақстандық үшін басты бағдарға айналуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Бұл — алғашқы қадам. Бұл — жолдың басы ғана».