Ол Тегеранның халықаралық келіссөздерді абыроймен әрі өз мүддесіне сай жүргізіп жатқанын атап өтті.


Бұл туралы Иранның ресми IRNA ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Масуд Пезешкиан Иранның ешқандай елге берілмейтінін сенімді түрде айтып отыр.

Президенттің сөзінше, сыртқы қысым мен әскери қоқан-лоқы Иранның ұстанымын өзгерте алмайды.

Пезешкианның пікірі "қарсыласымыз елді зымыран, бомба немесе әскери ұшақтардың көмегімен бағындырамыз деп ойласа, қатты қателеседі" дегенге саяды. Ол Иран халқының бірлігі мен табандылығы кез келген қысымнан маңызды екенін айтты.

"Біз берілмейміз" деп нақтылай түсті Масуд Пезешкиан. Сонымен бірге, Иранның келіссөздер барысында да өз ұстанымынан айнымайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Тегеран халықаралық диалогқа ашық, алайда ұлттық мүдде мен егемендік мәселесінде ымыраға келмейді.

– Біздің құқығымыз, уәжіміз, дәлеліміз бар. Біз еліміздің мүддесін батыл қорғай аламыз және халықтың қолдауымен оның құқығын қорғауды жалғастырамыз, – деді Иран президенті.