Кадрлардан аялдама ішінде еденге қосылып тұрған электрплитаны байқауға болады.


Ең қауіптісі, оның үстінде үлкен қазанда тамақ жасалып жатқаны бейнеленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған LRT желісінің астындағы аялдамада болған көрініс. Алдын ала болжам бойынша, қазанда ас дайындалып жатқан болуы ықтимал. Бейнежазбада жанында телефонмен сөйлесіп жүрген әйел көрінеді. Десе де, оның бұл жағдайға қатысы бары не жоғы белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық орында электрплитаны пайдалану қауіпті екенін айтып дабыл қағуда. Енді бірі мұндай жағдайдың өртке себеп саналатынын ашық жазған. Ал кейбір пікір қалдырушылар дәл осы әйелдің аялдама ішінде осыған дейін де ас дайындаған хабардар еткен.

City Transportation Systems компаниясы автобус аялдамаларына Астана қаласы әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жауапты екенін мәлімдеді. Әкімдік қызметкерлері аталған жағдайға қатысты пікірді полиция департаменті беретінін еске салып отыр.