Ақтөбеде пакеттің ішінен сәби табылған, қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 23 мамырда Ақтөбе қаласында ішінде жаңа туған сәби бар пакет табылған.

"Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір жаңа туған бала дәрігерлердің бақылауында", — деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget