Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғылып, бірнеше жолаушы зардап шекті. Оқиға орнына бірнеше жедел медициналық жәрдем бригадасы жетіп, көмек көрсетті. Жарақат алған 10-нан аса адам бірден ауруханаға жеткізілген. Біреуіне шұғыл ота жасалды.
Полиция басқармасының хабарлауынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оңғар Алпысбайұлы