Бүгін Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Мармарис ауданында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. Дүмпуді Анталия, Измир, Айдын, Денизли, Маниса, Мұғла қалаларының тұрғындары да сезген.
Зілзаладан кейін кейбір үйлердің шамдары теңселіп, тұрғындар көшеге жаппай шыққан. Соңғы мәлімет бойынша, 14 жастағы қыз қаза тауып, тағы 69 адам жарақат алған.