Ақмола облысы Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Полиция баланың өліміне қатысты сараптама тағайындады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 тамызда Есіл өзенінде болған. Туыстары баланың денесін судан шығарып алған.
"Қосшы полиция бөлімі бұл деректі соталды тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сараптама тағайындалды", — деді Ақмола облысы Полиция департаменті өкілі.
Ведомство ата-аналарға мұқият болу керек екенін еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!