Шығысқазақстандық кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексіндегі негізгі ережелер мен жеңілдіктер түсіндірілді, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмыс тобы кәсіп иелерімен кездесіп, олардың сұрағына жауап берді. Сарапшылар салық есептілігін 20%-ке қысқарту бойынша ақпарат берді.Сонымен қатар бірыңғай жер салығы жойылып, жекелеген төлемдер бойынша мөлшерлемелер мен алымдар саны қысқарғанын айтты. Көшпелі семинарға бір күнде 400 адам қатысты. Мамандар шалғайдағы ауылдарға да барады. Жалпы облыста екі миллионнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Гүлмира Смағұлова, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департамент басқармасының басшысы:

- Жаңа салық режіміне сай өзін өзі жұмыспен қамтушылар, яғни, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Әрі олар әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді төлегенмен, жеке табыс салығынан босатылады.

Айнара Мүлікова, кәсіпкер:

- Арнайы салық режимі 7-ден 3-ке дейін азайтылуы, бұл деген бухгалтердің жұмысын 2-3 есеге дейін азайту, әрбір тоқсан сайын тапсырылатын отчеттарды жылына бір ретке өзгерту, ескертпе келетін уақыттардың мөлшері азаюы, ең бастысы, осыған байланысты өзгерістер бізге өте қатты ұнап жатыр.