5 тамыз адамзат тарихындағы ең қысқа тәулік ретінде тіркелді.

Ол әдеттегі 24 сағаттан 1,51 миллисекундқа қысқа болған. Пенсильвания университеті ғалымдары: «Бұл жер жылдам айналып жатқанның белгісі»,- дейді. Мұндай ауытқу 2020 және 2022 жылдары болған. Бірақ сол кезде бір тәулік 1,4 миллисекундқа қысқарыпты. Бұрын планетамыз керсінше баяу айналатын. Сондықтан 2016 жылға дейін әлемдік келісілген уақытқа 27 рет 1 секунд қосылған. Енді мамандар: «Бұл үдеріс жалғасса, 2029 жылға қарай керсінше 1 секундты алып тастауға тура келеді»,- деп отыр. Ал бұл жаһандық цифрлық жүйелердің жұмысын бұзуы мүмкін.

Кристофер Пальма, Пенсильвания университетінің Астрономия және астрофизика профессоры:

- Мәселен, GPS жүйесі нақты уақытпен жұмыс істейді. Миллисекундқа ауытқу сіздің жүрген жолыңызды немесе бұрылу нүктеңізді дәл анықтауға кедергі келтіруі мүмкін. Жалпы бұл күні жұлдыздар мен өзге де аспан денелері сәл бұрын шығып жатқанын байқадық. Бұл жер жылдам айналып жатқанның тағы көрінісі десе болады. Ал бұған мұздықтардың шегінуі себеп.