Премьер-министрі Олжас Бектенов, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесті. Корпорация басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді. Бұдан бөлек құрылысқа отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті көтеріп, тәжірибе алмасу мәселелері де талқыланды. Ресей тарапы Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екендігін жеткізді. Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтіп, үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсететінін айтты.

Нұрсұлтан Нұрсейіт