Самоковта (Болгария) күрес түрлерінен U20 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 тамызда еркін күрестен соңғы медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан қола медальға үміткерлер қатарында. Ол үшін Алан Оралбек жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетуге тиіс.
61 келі салмақтағы балуан ширек финалда ирандық Ахор Хатериге есе жіберген болатын.
Осылайша қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Ол Пуэрто-Рикодан барған Омар Аюбпен белдеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!