Дайын асқа тік қасық .

Алматыда құрғатылған түйе сүтін контрафактілік жолмен өндіріп келген цех әшкереленді. Сұраныс азайып, табысы кеміген танымал бренд иесі Әділет департаментіне шағымданған. Осы арыздың негізінде Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі кезектен тыс тексеру жүргізіп, 6 миллион теңгеге бағаланған өнімді тапқан. Контрафактілік өнімдермен бірге бос ыдыстар, қақпақтар мен жапсырма рулондары бар. Барлық тауар тәркіленіп, тиісті хаттамалар толтырылды. Бұған дейін қанша контрафактілік өнім сатылғаны және оның сапасы мен бренд иесіне келтірілген шығын тиісті сараптамалардан кейін белгілі болады.

Еркебұлан Жетпісбаев, Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы:

- Жеке кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес, яғни бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша әкімшілік хатттама толтырылды. Қазіргі таңда аталған әкімшілік хаттама Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды.