Премьер-министрдің орынбасары — cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үкімет үйінде журналистердің алдына шықты. Министр БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс залына кірген Мұрат Нұртілеу өзін қаумалаған тілшілерден тыныштық сұрап, "айтылған ақпараттың бәрі — өтірік, абсурд. Көктем мен күзде мұндай жағдай болды. Аққа Құдай жақ, бұл да бір сынақ шығар", – деді.

Тілшілердің "Сенбі күні неге тікелей эфирге шығып, ұсталмағаныңызды дәлелдемедіңіз?" деген сауалына министр былай жауап берді:

"Жұмыс орнымда отырдым. Жиналыс болды, өздеріңіз де көрдіңіздер. Басқа елдердегі әріптестеріммен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі әдеттегідей".

Сонымен қатар, ол өзіне ауыр айып таққан журналисті сотқа бермейтінін айтты.

"Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Бұл іспен тиісті органдар айналыссын. Өз басыма қабылдамаймын әрі сотқа бермеймін. Жолдаудан кейін елде де болмаймын", – деді министр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Еске салайық, 4 қыркүйекте СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Кейінірек Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап премьер-министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget