БҰҰ Бас хатшысы да Израильдің Дохаға жасаған әуе шабуылын қатаң айыптады, деп хабарлайды 24kz.
Оның айтуына қарағанда, бұл – Қатардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзу. Антониу Гутерриш тараптарды мәселені ушықтырмай, жағдайды бейбіт жолмен шешуге күш салуға шақырды. Қазіргі уақытта Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздер тығырыққа тіреліп тұр. Екі тарап та наурыз айындағы уақытша бітімнен кейін бір-бірінің ұсыныстарынан бас тартып келеді.